Жарапазан - Исламиат - Кітаптар - Каталог файлов - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:33
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
оқулықтар [11]
Студенттерге арналған оқулықтар
монографиялар [3]
психология бойынша ғылыми монографиялар
сөздіктер [4]
психология пәні бойынша әр түрлі сөздіктер
Исламиат [8]
философия [0]
философия пәні бойынша оқулықтар
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » Файлдар » Кітаптар » Исламиат

Жарапазан
[ Серверден түсіру (25.3Kb) ] 08.10.2010, 11:41

Ол кезде бес-алты жаста едім. Жаздың айлы кешінде үй сыртынан жақындай түскен аяқ дүбірі естіліп, артынша "Айтамыз жарапазан жар басынан, пайғамбар қауын артқан арбасына” деген жолдармен ән айтыла бастады. Сол-ақ екен, сөз өнерін кие тұтқан әкем марқұм үй ішіндегі бала-шағаның у-шуын тыйып тастады да, әлгілердің мазмұнды, қайталанбайтын, әуезді жыр шумақтарына үнсіз ғана құлақ түре қалған. Біраз тыңдаған соң сыртқа шығып, әндетушілердің қасына жадырай барған әкем олардың жырын тыңдап, тағы біраз тұрды. Сөйтті де, ризашылығын білдіріп, сый-сияпат жасап жатты...
Ес білгенде жарапазаншыларды алғаш көргенім сол болатын. Содан бері жиырма жылдай уақыт өтіпті. Өмір толқынына ілесіп, қалаға келген біз жарапазаншыларды көрмек түгіл, жарапазан туралы естімейтін де болдық. Әйтсе де қазаққа жарапазансыз Рамазан жараспайтын секілді. Иә, Рамазан десе, әлі де балалары мен жастары топ-топ болып, кештетіп жарапазан айтып жүрген қазақ ауылдары елестейтіні өтірік емес.
Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт жырларының алтын қорын құрайтын жарапазан, негізі, қазақтың шешендігі мен көсемдігінің, ой-қиялының ұшқырлығының ғана емес, ислам дінін берік ұстанғандығының да көрінісі. Қазақ даласында ислам діні таралып, орныққаннан кейін ғана айтыла бастаған жарапазан қазақ әлеміне мұсылмандықпен бірге келген. Алайда бұл «жарапазанның төркіні қасиетті Құран Кәрім түскен арабтардан бастау алады» деген сөз емес. Керісінше, ислам дінін уағыздап, кең тарату үшін жарапазан жырын шығарған қазақтың қасиетіне қайран боласың.
Зерттеушілер жарапазан жырын: үй иесін мақтап, мадақтау, ислам дінін, имандылықты уағыздау, соңынан бата беру деп үш бөлікке бөліп қарастырады. Расында, жарапазанның айтылу мақсаты да сол, он екі айдың сұлтаны – Рамазан айында ислам дінінің шарттарын, имандылықты уағыздай жүріп, Мұхаммедтің үмбеттерін жігерлендіру, олардың көңілін көтеру ниетінен туған. Сонымен қатар бүкіл періштелер жер бетіне түсіп, мұсылмандардың ақ тілектеріне қол жайып "әумин” дескен уақытта, ораза кезіндегі ауызашар сәтте айтылатын жарапазан – ізгілікке ниет қосу, ақ тілекке ортақтасу белгісі де. Сондықтан болар, әр жылы Рамазан айы келген сайын «жарапазан жырын естіп қалар ма екенмін?» деп құлағым түрік жүреді. Сонау бала күндерде құлағымда қалып қойған жарапазан әні дініміз жаңғырған сайын тарих көшінде ескі дәстүрдің сарқыншағы ретінде қалып қоймай, қайта оралатындай көрінеді. Бұл жақсылыққа сенгендіктен, мұсылман болғандығымнан да шығар. Иә, жастардың Рамазан айында би кештері мен түнгі клубтарда емес, көшеде топ-топ болып жарапазан айтып жүргенін көру қандай жақсы!
Бірақ жарапазанды сағынып жүрген жалғыз мен емес шығар. Кейбір замандастарымыз ораза кезінде айтқысы да келетін шығар жарапазанды. Кім біледі, олар қазіргі арсыл-гүрсіл заман ағымынан сескенетін шығар... Расында, іштегі жеке пәтердің есігіне ғана емес, сыртқы қорасына да құлып салып тастап, ауласына жан бастырмай, қарулы қарауылдарға күзеттіріп қойған қаладағы ел ағаларының милиция шақырып, желтоқсандағыдай "көшенің бұзақылары” деп қаматып жібермесіне кім кепіл?! Содан қорқатын болар... Әйтпесе жарапазан айтуға мұқтаждар жоқ па екен?.. Иә, жарапазан жоқ-жітік замандарда жарлы-жақыбайлар үшін бір айлық күнкөріс кәсібі де болған. Ал байлар үшін, әрине, жомарттығы, мәрттігі жағынан болатын Алланың сынағы іспетті.
Сонымен, Астанада тағы да Рамазан айы жарапазансыз өтіп жатыр. Мұнда бізден жиырма жыл кейін туған балалар жарапазан жырын өмірінде естіген де жоқ. Бірақ жарапазан жұртта қалып қоятындай, тозығы жеткен, көнерген нәрсе емес қой. Ол – тек қана ізгіліктен туған, ізгілікке бастайтын нәрсе. Сондықтан мен өз басым бәрібір сенемін. Тура менің бала күнімдегідей бір күні жарапазаншылар топтасып, бізден жиырма жыл кейін туған балаларды елең еткізіп, үй тұсынан шыға келетініне сенем...

Н.САЙЛАУҚЫЗЫ,
Астана

Категориясы: Исламиат | Қосқан: psy
Қараулар: 1109 | Жүктеулер: 131 | Комментарилер: 2 | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 1
20.04.2015 Спам
1. blog
download visual basic black book pdf http://webiler.com/download-the-book-hunger-games-for-free.html - Download the book hunger games for free download cambridge english books http://tvbetter.com/download-full-books-from-google-books-free.html - Download full books from google books free side by side plus book 3 free download http://gamsberg.com/colouring-book-pdf-free-download.html - Colouring book pdf free download how to download book from google book store

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz