Әлемдік қаржы дағдарысына исламдық банктер былқ етпеді - Исламиат - Кітаптар - Каталог файлов - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 10.12.2016, 06:00
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
оқулықтар [11]
Студенттерге арналған оқулықтар
монографиялар [3]
психология бойынша ғылыми монографиялар
сөздіктер [4]
психология пәні бойынша әр түрлі сөздіктер
Исламиат [8]
философия [0]
философия пәні бойынша оқулықтар
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » Файлдар » Кітаптар » Исламиат

Әлемдік қаржы дағдарысына исламдық банктер былқ етпеді
[ Серверден түсіру (15.4Kb) ] 22.12.2010, 11:16
Әлемдік қаржы дағдарысына исламдық банктер былқ етпеді

АҚШ-тан басталып, бүкіл Батыстың алдыңғы қатарлы жұртына жайылған қаржы дағдарысы біраз елдің экономикасын шатқаяқтатып жібергенін көріп отырмыз. Бұл дағдарыстың дауылына мызғымай тұрған қаржы жүйесі шариғатқа негізделген ислам елдері ғана. Сонда, берген несиесінің үстіне үстемелеп қосқан пайызымен табыс тауып келген дәстүрлі қаржы жүйесі неліктен тығырыққа тірелді? Өсімсіз қарыз беретін исламдық банктер қалай әлемді жайлаған қаржы дағдарысына былқ етпей отыр?
Осы сұрақтар былтырдан бері біздің қаржыгерлерімізді де мықтап ойланта бастаған болуы керек. Еліміздің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі, исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын әзірлеп, оны Мәжілістің Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында таныстырды.
Аталған агенттік төрайымының орынбасары Мұрат Байсыновтың айтуынша, исламдық банкингті енгізудің өзектілігі мынада: Біріншіден, ислам қаржы жүйесі ең жылдам өсуші сегмент болып табылады. Жылына 15 пайызға өсетін исламдық негіздегі активтердің жиынтығы 800 миллиард АҚШ долларын құрайды. Екіншіден, дәл осы исламдық қаржы жүйесін ұстанатын негізгі елдер тұратын Таяу Шығыста төлемпаздық (ликвид) аса жоғары деңгейде шоғырланған. Үшіншіден, еліміздің қаржы жүйесінде исламдық банктің пайда болуы өз кезегінде қаржы нарығына жаңа ойыншылар мен мүлде жаңа банктік өнімдерді шығаруға негіз қалайды. Төртіншіден, исламдық жүйе банк саласында тұрақтандырушы ықпалға ие болады. Өйткені мұнда салымшылар салымның қайтпай қалу тәуекелін бөліседі.
Осы орайда алдыңғы екеуі түсінікті болғандықтан, жаңа банктік өнімдерге тоқталсақ. Исламдық банктің негізгі өнімдері сауда-қаржыландыру (мурабаха), үлестік бірлескен қаржыландыру (мушарака), жал (иджара), ақшаны сенімді басқару (мудараба), исламдық банк қызметінің ауқымында агенттік қызмет көрсету (вакала), сыйақысыз банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру(кард әл-хасан). Мұның бәрінде Исламның басты қағидасы қатаң сақталады, яғни үстеме пайызбен өсім ақысын алу жоқ. Исламдық банк не қайтару мерзімін кейінге шегеру арқылы тікелей тауарды алуға, не нақты бір жобаны бірлесіп қаржыландыруға атсалысады. Мұнда ислам банктың пайдасы сол жобаның қызметінен түскен пайданы бөлісуден тұрады. Сол секілді ақшаны сенімді басқару да клиент пен банктің арасындағы жауапкершілігімен ерекшеленеді. Бұл жерде исламдық банк салымдарының екі түрі бар, оның біріншісі – өсімсіз салымдар. Аты айтып тұрғандай, мұндай салымдарға өсім төленбейді. Екіншісі – инвестициялық салым (депозит). Мұнда банк клиенттің ақшасын белгілі бір мерзімге сенімді басқаруға алады да, оны инвестициялық жобаларға немесе активтерге салады. Сол жобалардың табысына қарай клиентке тиесілі табысын беріп отырады. Бірақ банк клиент ақшасының номиналдық көлемінің қайтарылатындығына кепілдік бермейді. Егер инвестициялық жоба табыссыз болса, клиент шығынға ұшырайды, ал банк жобадан сыйақы алу құқығынан айырылады. Ал егер инвестициялық жоба банктің кінәсінен шығынға ұшыраса, онда исламдық банк сол үшін жауапты болады. Кейінгі кездері жиі айтылып жүрген қаржы нарығындағы тәуекелді тең бөлісудің ашық та, айқын жолы – осы. Сол секілді «сукук» – исламдық бағалы қағаздар да исламның басты қағидаларын бұзбай, инвестициялық табыс табуға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтқанымыздай, бұл - адалға негізделген ислам қаржы жүйесінің біздің халыққа әлі беймәлім бағыттары ғана. Арамнан жиған ас болмайтынын ескерсек, ғасырларды артқа тастаған және үнемі жетілдіріліп келеді деген қазіргі әлемдік қаржы жүйесінің неліктен сан рет дағдарысқа түскені де, ал алғаш рет 1960-1970 жылдары банктік жүйе ретінде негізі қаланған, түп бастауын Құраннан алатын исламдық банктердің бүгінге дейін бірде-бір рет дефолтқа ұшырамауы да түсінікті сияқты. Осыдан келіп, біздің қаржыгерлердің де исламдық банкті ұйымдастыру ісін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге неліктен асығып отырғанын байқауға болады. Өйткені бір нәрсе анық, ол – исламдық банк жүйесі өзінің тұрақтылығын төрткүл дүниеге паш етіп отыр. Сондықтан заң жобасына сараптама жасаған сарапшылар біз тездетпесек, біздің алдымызды орап кеткелі отырған көршілеріміз де бар екенін айтады. Қырғыз ағайындарда, мәселен, исламдық банк былтырдан бері жұмыс істей бастаған. Онда тек нарықтың ауқымы ғана шағын болып отыр, әйтпесе банктің жұмысы өте сәтті оралып келеді. Сол сияқты солтүстігіміздегі Ресей де Татарстанның астанасы Қазанды исламдық қаржы орталығы ретінде дамытуға талпынып жатқан көрінеді. Егер олар бізден бұрын Қазанды исламдық қаржы орталығына айналдырып үлгерсе, онда біз экономикамызға болашақта мықты тіреу бола алатын қаржы көздерінен айырылып қалуымыз кәдік.
Сонымен, аталған заң жобасы бірінші кезекте Азаматтық кодекске, Салық кодексіне (биыл қабылданғалы жатқан жаңа Салық кодексінің жобасына), «Қазақстандағы банктер мен банк қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздеп отыр. Заң жобасы Мәжіліске жаңа келіп түскенін ескерсек, оның төңірегінде әлі талай қызу пікірталас болатыны анық.
Исламдық қаржы жүйесінің пайдасына тағы бір ақпарат – сарапшылар АҚШ-тың федералдық резерв жүйесі күні кеше арнайы жұмыс тобын Сауд Арабиясы мен Малайзияның исламдық қаржы жүйесін зерделеуге жіберуге шешім қабылдағаны туралы хабарды да алға тартып отыр. Ендеше, бүкіл әлем Құран сілтеген бағыт-бағдардың хақтығын мойындай бастағанда, кейбір депутаттар секілді «біздің менталитетімізге қалай болады екен» деп күдіктенетіндей ештеңе жоқ секілді.

Айбын АҚБӘКІ
Айқын газетінен
Категориясы: Исламиат | Қосқан: psy
Қараулар: 916 | Жүктеулер: 139 | Комментарилер: 4 | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 1
20.04.2015 Спам
1. additional hints
how to download books to ipad from dropbox http://webiler.com/verbal-judo-book-free-download.html - Verbal judo book free download free epub books zip download http://tvbetter.com/cursive-writing-book-pdf-free-download.html - Cursive writing book pdf free download download audio books in french free http://gamsberg.com/wwwdownload-number-bookcom.html - Www.download number book.com download book of ra telefon

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz