Сап, сап, көңілім, сап, көңілім - Абай - Поэзия - Каталог файлов - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:39
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
Лирика [1]
поэмалар [1]
Әр түрлі [2]
Абай [19]
Шакарим [1]
Мағжан [0]
Мұқағали Мақатаев [3]
Фариза Оңғарсынова [0]
Тұманбай [0]
Жұбан [0]
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » Файлдар » Поэзия » Абай

Сап, сап, көңілім, сап, көңілім
[ ] 09.08.2010, 15:48

 Сап, сап, көңілім, сап, көңілім Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Саяламай, сай таппай,
Не күн туды басыңа
Күні-түні жай таппай?
Сен жайыңа жүргенмен,
Қыз өле ме бай таппай?
Түн кезгенің мақұл ма,
Жан-жағыңа жалтақтай?
Өлермін деп жүрмісің,
Мұнан басқа жан таппай? Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Сабыр түбі – сары алтын.
Сабыр қылсын, жайыңды
Білер ме екен бекзатым?
Көңіл аулап, сөз айтар
Арадағы тілхатым,
Ағын судай екпіндеп,
Лайы жоқ суатым,
Ауру да емес, сау да емес,
Құрыды әл-қуатым. Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Сана қылма бекерге.
Сан қылғанмен пайда жоқ,
Дүние даяр өтерге,
Ажал даяр жетерге.
Қош, қыз алсын қойнына,
Бейнет көрмей, дәулет жоқ.
Әлі батып кетерге,
Оныменен бойыңа
Иман, дәулет бітер ме?
Адалды сатсаң арамға,
Құдай қабыл етер ме?
Қыз сүйеді мені деп,
Оған көңіл көтерме! Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Сарқа берме санасын.
Бәрін өзің білсең де,
Әлі-ақ өзің танасың.
Өртенесің, жанасың.
Өз-өзіңнен бейнетке
Өз басыңды саласың.
Қай мезгілде тойғыздың
Аюдайын ағасын,
Қатыны мен қалашын?
Қарсақ жортпас қара адыр,
Қарамай неге шабасың?
Сонда тәуір бола ма,
Ұстап ап біреу сабасын?
Киіміңді тонасын,
Елге де күлкі боласың. Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Сағынышқа сарғайма!
Жай жүрсең де қыз қумай,
Сені біреу қарғай ма?
Қыз іздесең, қалың бер,
Мұным ақыл болмай ма?
Көріп алсаң көріктіні,
Таңдап алсаң тектіні,
Сонда да көңіл толмай ма?

Категориясы: Абай | Қосқан: psy
Қараулар: 1700 | Жүктеулер: 0 | Комментарилер: 6 | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 1
07.05.2015 Спам
1. AndresMinc
elaborate and sacred tone, and combines in its construction elegance http://vohok.com - diflucan 150 mg by mere industry, would take a load from my heart of which I can diflucan canada coupon

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz