Алланың өзi де рас, сөзi де рас - Абай - Поэзия - Каталог файлов - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 10.12.2016, 05:58
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
Лирика [1]
поэмалар [1]
Әр түрлі [2]
Абай [19]
Шакарим [1]
Мағжан [0]
Мұқағали Мақатаев [3]
Фариза Оңғарсынова [0]
Тұманбай [0]
Жұбан [0]
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » Файлдар » Поэзия » Абай

Алланың өзi де рас, сөзi де рас
[ ] 03.09.2009, 14:33

Алланың өзi де рас, сөзi де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас,
Көп кiтап келдi алладан, оның төртi,
Алланы танытуға сөзi айрылмас.
Әманту оқымаған кiсi бар ма?
Уәктубиһи дегенмен iсi бар ма?
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлықпен ол сiздерге, сiз де оларға...
Замана, шаруа, мiнез күнде өзгердi,
Оларға кез-кезiмен нәби келдi.
Қағида шариғаты өзгерсе де,
Тағриф алла еш жерде өзгермедi.
Күллi махлұқ өзгерер, алла өзгермес,
Әһли кiтап бұл сөздi бекер демес.
Адам нәпсi, өзiмшiл мiнезбенен
Бос сөзбенен қастаспай түзу келмес.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәттi.
Адамзаттың бәрiн сүй бауырым деп
Және хақ жолы осы деп әдiлеттi.
Осы үш сүю болады иманы гүл,
Иманның асылы үш деп сен тахқиқ бiл.
Ойлан-дағы, үшеуiн таратып бақ,
Басты байла жолына, малың түгiл.
Дiн де осы шын ойласаң, тағат та осы,
Екi дүние бұл тасдиқ— хақтың досы.
Осыларды бұзатын және үш iс бар:
Пайда, мақтан, әуесқой онан шошы.
Руза, намаз, зекет, хаж—талассыз iс,
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрiн тегiс.
Бастапқы үшiн бекiтпей, соңғы төрттi
Қылмағанмен татымды бермес жемiс.
Бас жоғары жаралған, мойын төмен,
Қарашы, дене бiткен ретiмен.
Iстiң басы — ретiн танымақтық.
Иман бiлмес тағатты қабыл демен.
Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған,
Хұснизән мен иманды бiлдi ойлаған.
Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай,
Сыртын қанша жуса да, iшi оңбаған.
Алла мiнсiз әуелден, пайғамбар хақ,
Мү'мин болсаң, үйренiп сен де ұқсап бақ.
Құран рас, алланың, сөзi дүр ол,
Тә'уилiне жетерлiк ғылымың шақ.
Алланың, пайғамбардың, жолындамыз,
Ынтамызды бұзбастық иманымыз.
Пайда, мақтан әуесқой — шайтан iсi,
Кәнi бiздiң нәпсiнi тыйғанымыз?
Мү'мин болсаң, әуелi иманды бол,
Бендеге иман өзi ашады жол,
Шыр айнал да, таза ойла бiр иманды,
Мұнафиқ намаз қылмап па, мағлұм ғой ол.
Алла iшiмдi айтқызбай бiледi ойла,
Бендесiне қастықпен кiнә қойма.
Распенен таласпа мү'мин болсаң,
Ойла, айттым, адамдық, атын жойма!

Категориясы: Абай | Қосқан: psy
Қараулар: 1584 | Жүктеулер: 2 | Комментарилер: 3 | Рейтингі: 5.0/1 |
Барлық комментарилер: 1
06.10.2010 Спам
1. МӘДИНА БОЛАТХАНҚЫЗЫ
кітапханаларыңыздан алар тағылым мол екен.АБАЙдай дананың өлеңін жариялаудың маңызы зор ғой,соның ішінде бүгінгі дінде ділде ауытқушылық болып жатқанда осы хақындаа инернет бетіне шығарғандарыңыз дұрыс таңдау деп білеміз.

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz