ДИНАМИКА. МАТЕРИАЛДЫҚ НҮКТЕ ДИНАМИКАСЫНА КІРІСПЕ. - оқулықтар - Кітаптар - Каталог файлов - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 10.12.2016, 06:00
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
оқулықтар [11]
Студенттерге арналған оқулықтар
монографиялар [3]
психология бойынша ғылыми монографиялар
сөздіктер [4]
психология пәні бойынша әр түрлі сөздіктер
Исламиат [8]
философия [0]
философия пәні бойынша оқулықтар
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » Файлдар » Кітаптар » оқулықтар

ДИНАМИКА. МАТЕРИАЛДЫҚ НҮКТЕ ДИНАМИКАСЫНА КІРІСПЕ.
[ ] 30.06.2009, 14:02
МАТЕРИАЛДЫҚ НҮКТЕ ДИНАМИКАСЫНА КІРІСПЕ.
Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Динамиканың заңдары. инерция заңы. Ньютонның екінші заңы. Үшінші заң. суперпозиция заңы. Еркін және еркін емес нүкте динамикасының екі мәселесі. . Материалдық нүктенің дифференциалдық теңдеулері. Материялық нүктенің түзу сызықты қозғалысы. Көлденеңге көлбеу тасталған нүктенің қозғалысы. МАТЕРИЯЛЫҚ НҮКТЕНІҢ ТҮЗУ СЫЗЫҚТЫ ТЕРБЕЛІСІ. Нүктенің түзу сызықты еркін тербелісі. Материялық нүктенің кедергілі ортадағы өшпелі тербелісі. Материялық нүктенің мәжбүр тербелісі. НҮКТЕ ДИНАМИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРЕМАЛАРЫ. Күш импульсы. Нүктенің қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема. Нүктенің қозғалу мөлшері моменттің өзгеруі туралы теорема. Күш жұмысы. Жұмысты табу мысалдары.

Нүктенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теорема. Нүкте үшін Даламбер принципі. Нүктенің салыстырмалы қозғалысының және салыстырмалы тыныштық күйінің теңдеулері. Жер бетінің маңындағы денелердің салыстырмалы қозғалысы мен тыныштығы. Механикалық жүйе. Сыртқы және ішкі күштер. Ішкі күштер қасиеттері. Материялық жүйенің массасы. Массалар центрі. Дененің өске қатысты инерция моменті. Инерция радиусы. Кейбір біртекті денелердің екпін моменттері. Жүйе қозғалысының дифференциалдық теңдеулері. Массалар центрінің қозғалуы туралы теорема. Механикалық жүйенің қозғалыс мөлшері. Жүйенің қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема. Жүйенің қозғалыс мөлшерінің бас моменті. Жүйенің қозғалыс мөлшері бас моментінің өзгеруі туралы теорема (моменттер теоремасы). Жүйенің қозғалыс мөлшерінің бас моментінің сақталу заңы. Жүйенің кинетикалық энергиясы. Кейбір күштер жұмыстарын есептеу. Жүйенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теорема. Потенциалдық күш өрісі және күштік функция. Потенциалдық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы. Механикалық жүйе үшін Даламбер принципі. Екпін күштерінің бас векторы ,бас моменті. Ілгерілемелі қозғалыс. Дененің өзінің симметриялық жазықтығына перпендикуляр өсті айналуы. Дененің симметриялық (S) қимасына перпендикуляр және оның массалар центрінен өтетін өсті айналуы. Симметрия жазықтығы дененің жазық қозғалысы. АНАЛИТИКАЛЫҚ МЕХАНИКА. Динамикалық байланыстар.

Жүйенің ықтимал орын ауыстыруы. Жүйенің еркіндік дәреже саны. Ықтимал орын алмастыру принципі. Даламбер – Лагранж принципі – динамиканың жалпы теңдеуі. Жалпыланған координаталар, жалпыланған жылдамдықтар. ЛАГРАНЖ ТЕҢДЕУЛЕРІ. Жалпыланған күштер. Жалпыланған координаталардағы механикалық жүйенің тепе–теңдік шарттары. ЛАГРАНЖ ТЕҢДЕУЛЕРІ.

Динамика деп күш әсерінен денелердің қозғалуын зерттейтін теориялық механиканың бөлімін атайды. Динамикада нүктенің, дененің қозғалысы күшке және нүктенің, дененің инерттігіне байланысты деп қарастырамыз.

       Геометриялық тұрғыдан нүктенің, дененің қозғалысын кинематикада қарастырдық.

      Динамикада да күш деп денелердің өзара механикалық әсерлесуінің өлшеуіші ретінде алынатын шаманы атаймыз.

      Статикада тек тұрақты күштерді қарастырдық. Динамикада күштерді, сонымен қатар, уақытқа, жылдамдыққа, координаттарға тәуелді деп аламыз. Демек,

        Мысалы, бір сәттен бастап, плотинаның суы көбейе бастасын. Судың плотинаға әсерін уақытқа тәуелді күш деп қараймыз. Демек

        Екіншіден, мәшине айнымалы жылдамдықпен келе жатса, ауаның кедергісі мәшиненің жылдамдығына байланысты:

        Гауһар тас жинаушыларға әсер ететін судың салмақ күші z тереңдік координатасына тәуелді.

        Егер екі денеге бірдей күш әсер етсе, олар екі түрлі жылдамдық алып, екі түрлі орын алмастырады. Екі түрлі заңдылықпен қозғалады.

        Күш әсерінен дененің жылдамдығы тезірек немесе бәсеңірек өзгеру қасиетін оның инерттігі деп атаймыз. Дененің өлшемі – масса.

        Егер дененің кескіні (формасы) оның қозғалысына ешқандай әсер етпесе, оны нүкте деп қарап, материялық нүкте деп атаймыз.

        Сонымен қатар, егер дененің өлшемдері оның орын алмастыру өлшемдерінен анағұрлым аз болса, онда денені материялық нүкте деп атаймыз.

        Мысалы, зеңбіректің атылған оғын, Күнді айнала қозғалысында жерді материялық нүкте деп алуға болады.

 

§2. Динамиканың заңдары

 

         Динамиканың заңдарын 1687 ж. өзінің “Табиғи философияның математикалық бастапқы негіздері” деген кітабында ағылшын оқымыстысы Исаак Ньютон бірінші рет жинақтап, келтіреді. Динамика заңдарының әділдігі адамзаттың тарихи тәжірибесімен дәлелденген.

        Бірінші заң (инерция заңы). Г.Галилей оны 1638 ж. ашқан. Егер материялық нүктеге ешбір күш әсер етпесе немесе әсер ететін күштер жүйесі нөлге парапар болса, онла нүкте тыныштық күйде немесе бір қалыпты тік сызықты қозғалыста болады.

Мұндай қозғалысты нүктенің инерциялық қозғалысы дейміз.

Инерциялық қозғалыс орындалатын санақ жүйесі инерциялық санақ жүйесіне жатады.

Көп жағдайда, бас нүктесі Күнде орналасқан, өстері қозғалмайтын жұлдыздарға бағытталған санақ жүйесі инерциялық санақ жүйесіне жатады.

Есеп шығарғанда, жермен байланысқан координаталар жүйесін инерциялық санақ жүйесі деп есептей беруге болады.

        Ньютонның екінші заңы (динамиканың негізгі заңы). Материялық нүктенің үдеуі әсер етуші күшпен бағыттас, модулі күштің модуліне пропорционал. Яғни

Егер денеге бірнеше күштер әсер етсе, олар бір  тең әсерлі күшке парапар. Демек,

        Үшінші заң. Екі нүкте бір-бірімен бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытталған, модульдері тең күштер арқылы әсерлеседі.

Категориясы: оқулықтар | Қосқан: psy
Қараулар: 14924 | Жүктеулер: 15 | Комментарилер: 4 | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 3
15.11.2011 Спам
3. Аң-таң адам
Масқара, не мынау? сайтыңа -999 деген баға берем. мұндай сайтты өмірімде көрмеппін!

05.10.2010 Спам
2. Aliya
физика на каз.языке

30.09.2010 Спам
1. ьфлл
v cvxcv

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz