Абылай Мамырайхан (Абылайхан Қалназар) - Әр түрлі - Поэзия - Каталог файлов - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:38
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
Лирика [1]
поэмалар [1]
Әр түрлі [2]
Абай [19]
Шакарим [1]
Мағжан [0]
Мұқағали Мақатаев [3]
Фариза Оңғарсынова [0]
Тұманбай [0]
Жұбан [0]
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » Файлдар » Поэзия » Әр түрлі

Абылай Мамырайхан (Абылайхан Қалназар)
[ Серверден түсіру (4.6Kb) ] 02.07.2009, 14:20

Бірліктер мен нөлдер
Өркениетпен өрден өрге өрлерміз,
Тек, келешек «бола ма?!» деп, қорқам,
Көргенсіз?!
6 000 000 000 адамзатпыз,
Иә, біз,
Өкінішке орай, басым бөлігі – «нөлдерміз!»

Жақсы өмір мен қауіпсіздік жолында,
Жоғалар ма екен, елес идеялар соңында?
Не шараң бар?
Нөлдің басы ноқталы,
Әлем тағдыры «бірліктердің» қолында?!

Айтары болып, қу тірлігі қор таппай,
Өтті, өмірі талайлардың толғатпай!
Бар жарағы сай болғанмен,
Пагонсыз,
Санда бар да, санатта жоқ солдаттай.

Халық деген бастамалардың бәрі ізгі,
Ұмытпасын де, қарыз бенен парызды.
Кейде әлем көрінеді көзіме,
Дөп-дөңгелек, нөлдер шары тәрізді.

Нөл болғаның бұрыс та, бәлкім, құның жоқ,
Сондықтан да кете береді шығын боп.
Нөлдер жасар ерлік пен талай өрлікті
Атағы-даңқы «бірліктерге», мұның тек.

Лениндерің «бірліктерге» жандырды от,
Бәрібір де 70 жылдан соң қалды боқ.
Аман болсыншы «бірліктеріміз» әйтеуір,
Онсыз біздер, оларсыз қоғам – БАНКРОТ!

Ұлы Атлантиданың соңғы демі.

Таулары жынданды, сілкінді,
Мұхит та толқыды біртүрлі.
Ыңырсыды,
Аңырады,
Аһ ұрды,
Ауа жетпей қылқынды.

Жер тулады асаудай,
Босанбақ боп бойын буған ашудан, масаңдай!
Бұйртқан құрбандықтарынан бас алмай.
Құдіреттің еркі осы,
Миллиондар сорлады кірер тесік таппай, есіктерін аша алмай.
Бұлттанса да түнеріп,
Найзағайы шартылдап,
Жасындай,
Аспан ғана қала алмады көзіне жас алмай.

Мұнаралар мұң болды,
Қалаларың құм болды,
Жайлауларың жүн болды,
У да шу да жоқ,
Жермен-жексен жым болды.

Айналаны су алды,
Айналаны су басты,
Лайланды су асты,
Күреңітті су асты.

Кінәсі не, күнәсі не?

Нәсіл еді тәкәппар,
Қасіреті жік-жаппар.
Масыл еді құлағдар.
Ғасыр еді әбжылан бар.

Төңкерген тәңірілік толқын еді.
«Еркелеуің болды» деді.
Тірілтіп, өзі өлтіреді.
«Жасайсыңдар сорды, тегі!!!».
Жер шары көтере берер бәрін, бар сұмдықты, қоңды ма еді?!
Мұхиттың тұңғиығында бір бұрқ етті, көпіршік атып,
Ұлы Атлантиданың соңғы демі.

Ұлы Атлантиданың соңғы демі.

Таулары жынданды, сілкінді,
Мұхит та толқыды біртүрлі.
Ыңырсыды,
Аңырады,
Аһ ұрды,
Ауа жетпей қылқынды.

Жер тулады асаудай,
Босанбақ боп бойын буған ашудан, масаңдай!
Бұйртқан құрбандықтарынан бас алмай.
Құдіреттің еркі осы,
Миллиондар сорлады кірер тесік таппай, есіктерін аша алмай.
Бұлттанса да түнеріп,
Найзағайы шартылдап,
Жасындай,
Аспан ғана қала алмады көзіне жас алмай.

Мұнаралар мұң болды,
Қалаларың құм болды,
Жайлауларың жүн болды,
У да шу да жоқ,
Жермен-жексен жым болды.

Айналаны су алды,
Айналаны су басты,
Лайланды су асты,
Күреңітті су асты.

Кінәсі не, күнәсі не?

 

Категориясы: Әр түрлі | Қосқан: psy
Қараулар: 766 | Жүктеулер: 153 | Комментарилер: 1 | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz