Анар Дүйсенбайқызы - Лирика - Поэзия - Каталог файлов - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:35
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
Лирика [1]
поэмалар [1]
Әр түрлі [2]
Абай [19]
Шакарим [1]
Мағжан [0]
Мұқағали Мақатаев [3]
Фариза Оңғарсынова [0]
Тұманбай [0]
Жұбан [0]
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » Файлдар » Поэзия » Лирика

Анар Дүйсенбайқызы
[ Серверден түсіру (3.5Kb) ] 02.07.2009, 14:14

Сен ұзадың…
Көңіл шіркін көлбеңдеп көкке ұшады,
Көкке ұшады,
Бұлттарды көп құшады.
Егілтіп, елжіретіп әкетеді,
Аспанның иыр-қиыр шоқ құшағын.
Көп құшады…

Сезімім сен деп қана егіледі,
Егіледі…
…сол күнді сезіп еді.
Күн мен айдың табыса алмайтыны,
Дәл біздің сезімге де серік еді.

Жүзіңнен нұр ағылар тамшыдайын,
Тамшыдайын,
Көрінер бал шырайың.
Жүрегіңе найза боп шаншылайын,
Солай ғана сені мен қамшылайын,
Солай ғана сені мен қамшылайын…

Екеумізді ай күліп мазақтайды,
Күн де батпай кей кезде азаптайды.
Түн болса сен келер деп күтуменен,
Көңілімді басады азап-қайғы.

Бірақ, бірақ…
Кеттің сен алыс жаққа самғап ұзап,
Жүгіре алман соңыңнан, арым-тұзақ,
Сен ұзадың…
Қайырылмай кеттің жырақ…
Сәулесі сөніп біткен сенім-шырақ.
Ал менде қалғаны тек –
Жауапсыз жан ұшырған жалқы сұрақ…

***
Қара түнге сіңіп барам қап-қараңғы,
Қара түнек қайғымды ақтарады.
Қара түнге жасымды төкпесем де,
Қараңғылық сырымды сақтамады.

Қара түнек серік боп жүрегіме,
Қайтейін жылайын ба, күлейін бе?
Қылғындырып жалғыздықтың қамыты тұр,
Қанды өмірдің ізі тұр білегімде.

Жан-жағым түнек болып қараяды.
Ну ормандай баспайтын жан аяғы.
Бір күні сол орманнан адасармын,
Онсыз да мені өмір көп аяды.

Категориясы: Лирика | Қосқан: psy
Қараулар: 713 | Жүктеулер: 152 | Комментарилер: 1 | Рейтингі: 5.0/1 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz