Арт-терапия - психология - курстык жумыстар - Каталог файлов - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 10.12.2016, 06:00
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
психология [1]
психологиядан курстық жұмыстар
Информатика [5]
Информатика пәнінен курстық жұмыс жазуға арналған материалдар
Саясаттану [0]
Саясаииану пәні бойынша курстық жұмыс жазуға арналған материалдар
Экономика [2]
Экономика пәнінің әр түрлі бөлімдері бойынша курстық жұмыс жазуға арналған материалдар
Биология [0]
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » Файлдар » курстык жумыстар » психология

Арт-терапия
[ ] 23.01.2009, 11:57

Мазмұны

 

1.     Кіріспе

2.1. Арт-терапияға жалпы шолу

2.2. Арт-терапияның шығу тарихы және дамуы.

2.3. Арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттар.

2.4.          Арт-терапиядағы жеке, жұптық және топтық сурет салу.

2.5.          Қазіргі кездегі арт-терапияның қолданылатын формалары және жүргізілу жолдары.

2.6.          Арт-терапиядағы психодинамикалық және гуманистік бағыттар.

3.                 Қортынды.

                Әдебиеттер тізімі.

 

 1.     Кіріспе.

Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапияның әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде, яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.

  

2.1. Арт-терапияға жалпы шолу.

 

Арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда “өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш енгізген Адриан Хилл болды. Осы психотерапияның түрі, яғни арт-терапияның мән жайын ашу және оны қазақ тіліндегі ортада бейімдеуді іске асыру.

Осы курста арт-терапияның шығу тарихы, дамуы, формалары, өткізілу жолдары және психодинамикалық, гуманистік бағыттардағы арт-терапия туралы теориялық ғана түсінік беріледі.

Сонымен қатар, осы арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттар туралы айтылады. Жалпы келешекте осы топтық арт-терапияны қолданып, сол топқа қатысушылардың психологиялық өзгешеліктерін, ерекшеліктерін зерттемек ойымыз бар.

Арт-терапияны жүргізу барысында мүшелер саны 15 адамнан аспау керек. Одан көп болған жағдайда, қатысушыларға да, сонымен қатар, сол жұмысты жүргізушіге, яғни психотерапевткеде оңайға соқпайды. Топтық мүшелерінің көп болуы, жұмыс аяқталғасын жасалған жұмыстарға талдау, қортынды шығаруда қиынға соғады.

Арт-терапияда жеке-дара шығармашылық жұмыс жасау үшін бөлме кең және ешқандай кедергілері жоқ, әрі жарық болуы қажет. Топ мүшелері өтіп жатқан арт-терапия жайлы білуіне құқы бар. Жұмыс жасау үшін әр түрлі құралдар қолданады: атап айтсақ, мысалы, соус, түрлі түсті қарындаштар, әр түрлі мөлшердегі щеткалар, губка, суы бар құты, политра. Түрлі түсті қағаздар, қоржын, желім, скотч, қайшы, жіп болмаса арқан және т.б. Кейбір сабақтарда, маталар, батпақ, ермексаз, қамыр, ағаш, үлкен композиция жасау үшін табиғи және басқада химиялық заттарды да пайдалануға болады.

Ал театрленген көрініс үшін грим, свеча, костюмдер, музыкалық аспаптар қажет болып қалуы мүмкін. Ереже бойынша сабақтың тақырыбын психолог (арт-терапия жүргізуші) таңдайды.  Дегенмен де оны топпен ақылдаса, кеңесе отырып, талдап, талқылап, таңдап алуға болады. Арт-терапияның тақырыбын таңдауға және топтастыруға болады. Осы жайында педагогикалық практикада осы салада еңбек сіңірген М. Либманның классификациясы көбіне және бізге танымал:

-           Көркемсурет материалдарын игеруге болады;

-           Топ мүшелеріне толқытып, күйзелтіп жүрген мәселе бойынша зерттеу жүргізу;

-           “мен” бейнесі, қарым-қатынас жүйесін зерттеуге байланысты;

-           жанұя мүшелерімен топ мүшелері жұптасып жұмыс жасай алуы;

-           топ мүшелеріне арналған көркемсуреттік іс-әрекет;

Сонымен қатар, кейбір арт-терапиялық (күн мен түн) жаттығулар топ арасындағы үйлесімді қарым-қатынасқа, әлеуметтік алшақтауды реттейді және жеке адамның топпен қарым-қатынасын реттейді. Басқа да көптеген көмек береді. Топ мүшелерінің бірігіп жақсы тақырып таңдауы маңызды сәттердің бірі болып табылады. Таңдап алынған тақырып егер, топ мүшелерінің біреуіне ұнамаған жағдайда қайта талдауды қажет етеді. Талданып қайта түсініп, топ мүшелері келіссе, ол тақырып сол күйінше, ұнамаса басқа тақырыпты алу керек.

Алғашқы кезде арт-терапияны ауруханалар мен жүйке жүйесіндегі бұзылулары бар ауру емдеушілерді емдейтін эмоциялық бұзылулардың көрінісі бар адамдарға ғана қолданған. Қазіргі кезде арт-терапияның қолдану аясы едәуір кеңейді және ол өзінің алғашқы психо-аналитикалық негізінен жаймен алыстауда.

Арт-терапияны қолданғанда ең бастысы жұмыс барысында талантын көрсету емес, спонтанды пайда болған өзінің қобалжуларын, қиындықтарын, бұрынғыдан қалған елестерін сурет арқылы жеткізу.

Сонымен қоса, психотерапевтің жұмыс кезінде топ мүшелеріне көмек беруді және қажет жағдайда қолдау да көрсетуі керек. Әрине, бұл психотерапевтің міндеттерінің біріне жатады. Мұндай топтармен жұмыс жасаушы психолог немесе психотерапевт көптеген сапалы қасиеттерге ие болуы керек. Атап айтатын болсақ, олар, ең біріншіден адамгершілік, басқаларға қай уақытта болсада көмек қолын созуға дайын болу, тұрақтылық, барлық жағдайда түсінушілікпен қарау, сабырлық, кішіпейілдік, төзімдік, адалдық және тағы осы тұлғалық қасиеттер сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болуы тиіс.

  

2.2. Арт-терапияның шығу тарихы және дамуы.

 

 Жүздеген жылдар бойы өнер адамдар үшін ләззат алу көзі болды, ал өнердің көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа феномен.

Арт-терапия терминін (art-therapy тікелей аударғанда қазақша баламасы “өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді) қолданысқа 1938 жылы Адриан Хилл туберкулезбен ауырған санаториядағылармен жұмысында алғаш рет енгізген. Көп кешікпей бұл сөз тіркесі ауруханалармен психикалық денсаулықтың орталықтарда жүргізілетін өнерге қатысты қызметтердің барлық түріне қолданыла бастады. Бірақ, көбісі бұл анықтаманы өте кең мағынада және нақты емес деп санайды. Өнерді сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы құндылығы, символикалық деңгейде әртүрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беру және зерттеу болып табылады. Символдарды іске асыруын алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі суреттерден дейінгі және кейінгілерден бақылауға болады. Біздің ертедегі ата-бабаларымыз символикалық бейнелерді өздерінің әлемдегі орны мен адамның күнелтуін айыру үшін қолданған. Өнер қоғамдық құрлыспен пайда болған көрінісі болып табылады. Біздің дәуірімізде бұл өнердің жаңа стилдерінің пайда болуы моральдік, мәдениетті құндылықтардың өзгеруінің дәлелденуіне себеп болды. Арт-терапияның дамуы қысқаша осындай. Енді осы арт-терапияның дамуына, оған бағыттардың әсері туралы қарастырайық.

Арт-терапиялық дамуының бастауына психоанализдік көзқарастар әсер етті. Осы көзқарастар бойынша соңғы өнім, көркемдік емделушінің іс-әрекеті ол сурет, картинка болмаса мүсін, ол бейсаналы психикалық процесстердің көрінуі болып саналады. 20 жылдардағы осы салада көп зерттеулер жүргізген Принцхорн (Prinzhorn 1922) өзінің ауруларды емдеушілерінің шығармашылығын және психикалық, классикалық зерттеулерінен мынадай қортындыға келді: өнер ауру адамдарының көбінесе олардың интенсивті ішкі шиеленістеріне әсер етеді.

Америка Құрама Штаттарында өнерді терапиялық мақсаттарда алғаш қолданғандардың бірі Маргарет Наумбург болды. Бұл саладағы еңбек етуін ол Нью-Иорк штатындағы психотерапиялық институтында мінез-құлқында мәселесі бар балалармен жұмыс жасау арқылы бастаған. Кейіннен Маргарет Наубург Нью-Йорк штатында арт-терапия саласында мамандар дайындау үшін психоаналитикалық бағдарламаларды жасайды. Маргарет Наубург жұмыстары психоанализ бағытының психологиядағы негізін салушы З. Фрейдтің көзқарастарына негізделген: ондағы алғашқы ойлар мен қобалжулар, санадан тыс вербальды емес түрде пайда болады, бейне мен символдар формасында көрініс береді. Арт-терапия терапевтпен емделушінің арасындағы символикалық деңгейдегі қарым-қатынастың тәсілі ретінде қолданылады. Көркемдік шығармалардың бейнелерінің барлық түрі бейсаналық үрдістер қорқыныш, ішкі шиеленістер, балалық шақтағы елестер, естеліктер, түс көру және тағы басқа көріністер, психотерапевтермен З. Фрейдтік бағдарлар талданады. Ал З. Фрейдтің өзі болса өз емдеу жұмыстарында арт-терапияны қолданбайды, оған болса да, ол өзіне жоғарғы баға бергенді қалады.

Көру бейнелері көп бөлікте біз түс көру арқылы қобалжыймыз. Түс көруде сезіммен немесе қобалжулар қатысады, одан ойлар – сонымен бірге, түс көру – ең басты орында көру бейнелері. Бақытымызға орай түс көруді суреттегенде қиындықтармен мынадай байланыстар туындайды және олар көбінесе мынадай сөздерді қолданады. Мысалы: “Түс көрген адамның сөзі: мен сурет сала аламын, бірақ мен оны қалай сөзбен жеткізе сипаттай алуды білмеймін”.

Арт-терапия әдістемесін негізге ала отырып сендіру, адамның ішкі “мен”-і көру бейнелерінде, әр кезде ол сурет салғанда және мүсін соққанда өз еңбектерінде ойланбастан, яғни ол спонтанды пайда болады. Бірақ З. Фрейд кейіннен мойындағандай, бейсаналық символдық бейнелерде көрінеді, ол өзі практикада көркемдік шығармада өзінің емдеушілерін оған қызығушылығын тудырмаған. Бірақ психологиядағы аналитикалық теорияның негізін қалаушы Карл Юнг болса өзінің емдеушілеріне өздерінің түстерін, армандарын және қиялдарын сурет арқылы бейнелеулерін талап еткен. Карл Юнгтің идеялары персональды және әмбебаптық символдардың бар болуы және қиялдың күшін терапиялық мақсаттарға қолдану мүмкіндігі бар, қазіргі кезде арт-терапиямен айналысатындарға тереңнен әсер етті.

Арт-терапиямен айналысатын мамандар тек қана психологтармен және психиатрларға қойывлған диагнозды нақтылауға немесе емдеу тәсілін таңдап алуға, балалармен немесе стационарлардағы емделіп жатқан үлкендермен жасалған жұмыстардың талдауларына сүйене отырып, көмектескен. Кейінгі мазмұнынан көрінетіндей шығармадағы материалды осылай қолдану проективті тестерді қолданудан айырмашылығы, мысалы Доршак тесті болмаса тақырыптық аперцепциялық тесті жүргізгенде тест тапсырушы адам ерікті формада немесе суреттегі дақтар жауап қайтаруы керек. Қазіргі кезде арт-терапия мамандары тәжірибе жүзінде мойындалған, тәуелсіз атаққа ие, сонымен бірге, жеке тұлғаны зерттеуге және оны емдеу процестеріне өз үлестерін қоса алады. Бірақ, мұнымен бәрі бірдей келісе бермейді. Тағы айта кететін жайт, бұл осы айтылып кеткен амалдың төңірегінде екі бағыт бар. Мына бағытты жақтаушы мамандарға әлеуметтік реабилитация және еңбек терапиясы саласындағы мамандар. Мысалыға алатын болсақ, осы салада көп еңбек сіңірген Эдит Крамер. Осы бағытты жақтаушылар санайды, өнер өзінен-өзі мақсатты іс-әрекетке ие және арт-терапияны суррогат психотерапия ретінде қарастырады. Бұл бағыттағы психотерапевтер өнерді өздерінің терапиялық процедураларынан жоғары қояды және оларды кейбіреулерінен өзінің арсеналынан шығару шығармашылық үрдістің стимуляциясына бағытталған дейді. Екінші бағыттың жақтаушыларына жоғарыда айтылған мысалы, Маргарет Наубург жатады. Оның жеке көзқарасы бойынша, шығармашылық мақсатқа терапиялыққа бола түсуге болады деген. Мұндай психотерапевтер дәрігерлік дайындыққа ие болуы керек. Олар бірақ арт-терапияны өзіндік қолдануға да болады. Ол көп бөлігі дәстүрлі психотерапиялық амалға жәй ғана қолдану деп санайды. Бірнеше бар айырмашылыққа қарамастан, екі бағытта таңдамалы өнерде тұлғаның интеграциясы және реинтеграциясының құралы ретінде қарастырады. Қазіргі уақытта арт-терапия тек қана аурухана бөлмелерінде ғана қолданыста емес, оған қоса психокоррекциялық топтан, ондак ол таза түрінде сонымен қоса, көмекші әдістеме ретінде қолданады. Белгілі арт-терапиямен айналысатын мамандардың көп бөліктері Солтүстік Америкада фрейдистік болмаса юнгтік көзқарасқа сүйенеді. Бірақ көбісі гуманистік психологияның әсерін сезінген және оны дұрыс деп табады, тұлғаның гуманистік теориясы психокоррекциялық топтармен жұмыс кезінде психоаналитикалық теорияға қарағанда көп келісілген түбірік тудырады делінген. Жоғарыда айтылғандай арт-терапияның дамуына психодинамикалық бағыттар көп әсер еткен. Ал дамуына үлес қосқан авторлар олар: ең біріншіден арт-терапия терминін ғылымға енгізген: Адриан Хиллдан бастаған жөн болар. Сонымен бірге Маргарет Наубург, З. Фрейд, К. Юнг, Эдит Крамер болып табылады.

Осы арт-терапияның дамуындағы жаңа кезең ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғы мен 70-ші жылдардың басынан басталады. Әсіресе осы жылдардың бас кезінде арт-терапиялық топтардың жұмысының мынадай формасы, топтық интерактивті арт-терапияның бастауы қалана бастады. Мұндай топтық арт-терапияның жұмысының формасы пайда болуына өмірдегі көптеген жағдайлармен шақырылған, олардың қатарында:

-    әлеуметтік-саясаттық, институциональды және мәдениеттік контекстердің өзгеруі;

-    клиенттердің психотерапиялық тілектерінің және қажеттіліктерінің өзгеруімен, оған қоса эмоциялық құрылымдық бұзылулары;

-    топтық психотерапияларының практика және теориялық тез дамуы және арт-терапиялық іс-әрекетке жетудегі біртіндеп ассимиляциялау;

-    арт-терапиялық топ жүргізушілерінің кәсіби өсуімен және арт-терапиялық білім беру жүйесінің дамуымен;

ХХ ғасырдың екінші жартысында алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда, техникасының даралануы және тым қиын. Сонымен қатар, айта кететін жайт арт-терапия психотерапияның ішіндегі жаңа әдістердің бірі. Арт-терапияның дамуына Америка Құрама Штаттарында Маргарет Наубург көп әсерін тигізді. Маргарет Наубург З. Фрейдтің көзқарастарына сүйенді, яғни, бейсаналы көріністер спонтандық шығармашылық үрдісінде көрініс беруі мысалы, мүсін соғу және сурет салуда. Арт-терапияның дамуына едәуір әсер еткен З. Фрейдтің бейсаналық туралы ілімі, персональді және әмбебаптық символдар туралы ілімі болып табылады.

Қазіргі кезде арт-терапия өнерге қатысты барлық қызмет түрлерінде психотерапиялық мақсаттарға қолданылып келеді.

 

 Курстық жұмыстың толық мәтінін түсіріп алуға болады

Категориясы: психология | Қосқан: psy
Қараулар: 16776 | Жүктеулер: 27 | Комментарилер: 16 | Рейтингі: 4.6/14 |
Барлық комментарилер: 141 2 »
27.01.2014 Спам
14. Roulletes
http://kak-izbavitsja-ot-zavisimosti-kazino.irgoboom.ru http://intyernyet-kazino.moneyboon.ru - Интэрнэт казино

28.03.2013 Спам
13. раука
hhhhhhhhhhh

30.01.2013 Спам
12. Harlampii6301
у нас на данном интернет-блоге подобран огромный ассортимент умных статей про http://ublaze.ru/forum/ftopic1084.html - цифровой спутниковый ресивер gs 8302

14.12.2012 Спам
11. ClaignDellibe
Это не совсем то, что мне нужно. Кто еще , что может подсказать ?

14.11.2012 Спам
10. Katya1646
у нас на официальном ресурсе вы сумеете взглянуть на громадный ассортимент интересных статей о ` http://www.infosuper.ru/ - Деньги.

08.11.2012 Спам
9. Rita0299
Здравствуйте. Представьте, я уже 4 года пользуюсь оперой, но только сегодня узнала, что у нее есть расширения!!!!У меня естьhttp://www.opera-all.com/ - _отличная идея, а именно: начнем делится ими!

P.S. Я запостила в раздел this - туда? Если нет, переместите!

05.11.2012 Спам
8. Grorscrot
Мы рады приветствовать на этом портале! Наша компания уже давно занимается продажей копий кроссовок Nike Air Max, New Balance и других.

Гарантией нашей прекрасной работы является большое количество довольных людей, совершивших покупки в нашей группе вконтакте.
Сейчас хитом продаж являются http://john-shop.ru/ - кроссовки найк женские, которые можно заказать на портале http://john-shop.ru/.

31.10.2012 Спам
7. Alla1151
на официальном ресурсе http://www.justlady.ru/articles-129304-chto-budet-esli-zimoy-hodit-bez-shapki - ссылка собран громадный набор интересных статей на тему взаимоотношгений. на этом интернет-блоге все новости предоставлены всем желающим.

11.10.2012 Спам
6. Marina2253
Всем приветик! Давайте далиться последними просмотренными вами фильмами!
Меня недавно впечатлил фильм Мужчина с гарантиейhttp://kinokorsar.ru/ - . По-моему отличный отечественный фильм про взаимоотношения людей.
А вчера мы с мужем сходили на фильм Порочнакя страсть. Интересный фильм о семье, любовнице, деньгах, Тиме Роте и разрушении всего обыденного. Ричард Гир немного постарел, но актерская игра бесподобна!
Какие еще фильмы вы можете посоветовать? хочется чего-нибудь в этом же духе.

05.10.2012 Спам
5. Oksana1878
Здравствуйте, друзья. Мы с мужем въехали в новую квартиру, ремонт в которой, похоже, не делался никогда. В связи с тем, что на ее покупку пришлось продать старый дом, отдать все сбережения и даже немного занять у родителей, финансовая ситуация не позволяет воспользоваться услугами ремонтных бригад.
А, тем не менее, у нас маленький ребенокhttp://strojdomsam.ru/ - , который просто не должен жить в таких условиях!
Вот я и думаю, как максимально сэкономить на ремонте и хотим попробовать сделать его своими руками.
Но дело в том, что у нас нет никакого опыта, поскольку муж больше головой работает, чем руками, да и боюсь, что придется потом переделывать все и исправлять, а это может повлечь еще большие расходы.
Поделитесь опытом, может кто-то знает, как сделать ремонт подешевле и за что можно взяться самим, а к чему привлекать мастеров.
Заранее благодарна.

1-10 11-14
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz